Павлодар облысының тұрғындары полицияға 5 млн теңгеге қару тапсырды
Павлодар облысының тұрғындары полицияға 5 млн теңгеге қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының тұрғындары полицияға бес млн теңгеге жуық сомаға қаруды өз еркімен тапсырды. Акция басталғаннан бері азаматтардан 54 өтініш келіп түсті, 58 бірлік тіркелмеген қару тапсырылды, оның ішінде 12 бірлік ұзын ұңғылы ойық қару, 45 бірлік тегіс ұңғылы қару және 7300-ден астам ойық ұңғылы қарудың патрондары. Тапсырылған барлық қару деректер базасы бойынша тексеріледі және баллистикалық зерттеуден өтеді.
– Қазіргі уақытта комиссиялар жалпы сомасы шамамен үш млн теңгеге 36 бірлік қару мен 3 220 патрон сатып алу туралы шешім қабылдады. Сыйақы төлеу қаруды тапсырған азаматтардың шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады, – деп хабарлады Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.
Мысалы, акция барысында Павлодар ауданының полиция бөліміне 32 жастағы павлодарлық жүгінді, ол өз еркімен тіркелмеген ИЖ-18 аңшылық мылтықты тапсырды. Қару мәліметтер базасы бойынша тексеріледі. Полицейлер баллистикалық зерттеуді де тағайындады.
Тағы бір жағдайда Павлодар қаласының тұрғыны ТОЗ-8 маркалы шағын калибрлі мылтық және атасынан қалған ескі заттардың арасынан тапқан нөмірі жоқ белгісіз модель мен калибрлі тапаншаны өз еркімен тапсырды.
Тапсырылған қару деректер базасы бойынша тексерілді. Баллистикалық зерттеу де тағайындалды. Төлемнің болжамды сомасы 200 мың теңгеден асады.