Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​полицейлері екі ірі ұрлықтың бетін ашты

Қарағанды ​​полицейлері екі ірі ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамырда Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде бутик жалдап тұрған 55 жастағы кәсіпкер әйелге ер адам келіп, алтын білезіктерді көрсетуді сұраған. Әйел сатып алушыға қолда бар зергерлік бұйымдарды көрсете бастады. Ер адам екі үлгіге қызықты, ол ұзақ уақыт бойы қолында ұстап тұрған. Таңдау жасап, сатып алушы оларды сатып алатынын айтты.

Сатушы қуанып, қорапқа салуға бұрылған сәтте ер адам білезіктерді алып кетіп қалған. Арызданушы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлеріне келтірілген шығын шамамен 430 мың теңгені құрағанын түсіндірді. Ол күдіктіні сипаттап, бейнебақылау камерасынан түсірілген видеоны көрсетті.

12 мамырда криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру барысында 30 жастағы елорда тұрғынын ұстап, одан ұрланған заттар алынды.

39 жастағы ЖШС басшысының автосервисте жөнделіп жатқан көлігінің бөлшектерін ұрлап кеткен. 16 мамырда арызданушы Михайлов полиция бөлімшесінің тергеу тобының қызметкерлеріне оның ақаулығына байланысты көлігін көрсетілген автосервисқа жеткізуге мәжбүр болғанын түсіндірді.

– Мен көлігімді жөндеуге 16 сәуірде тапсырдым. Бірақ әр жолы мотор жөндеуші әртүрлі себептерді тауып, мәселені шешуді кейінге қалдыра берді.

16 мамырда әйел сервис иесіне хабарласқан. Сосын оны жөндеудің орнына қосалқы бөлшекті ұрлап кеткені белгілі болды. Иесіне келтірілген шығын 700 мың теңгені құраған.

26 жастағы матор жөндеуші арызданушының көлігін әзірше жөндеуді тоқтата тұрып, ол катализаторды алып, оны басқа көлікке салып, ақшаны кепілге алып, қаржылық мәселесін шешкен.

Қарағандылықтардың арыздары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әрқайсысының кінәсі қылмыс орнындағы бейнебақылау камералары арқылы дәлелденіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру