Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған
Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Павлодар облысы тұрғынының қаруды заңсыз жасағанын анықтады.
- Ер адамның айтуы бойынша, ол өз үйінде "ИЖ-18" 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын қолдан жасаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 288-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.
Осындай жағдайларға байланысты полицейлер облыс тұрғындарына қаруды заңсыз жасауға немесе сақтауға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.