Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған

Павлодар облысының тұрғыны өз үйінде қару жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері Павлодар облысы тұрғынының қаруды заңсыз жасағанын анықтады.

– Ер адамның айтуы бойынша, ол өз үйінде “ИЖ-18” 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын қолдан жасаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 288-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев. 

Осындай жағдайларға байланысты полицейлер облыс тұрғындарына қаруды заңсыз жасауға немесе сақтауға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру