Павлодар облысының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді
Павлодар облысы Успен ауданы Константинов ауылының тұрғыны Ғайныжамал Есмұханова тәртіп сақшыларына алғысын жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол өз алғысында бүкіл ауыл тұрғындарының мазасын алған бұзақыларды жауапкершілікке тартқан полицейлердің еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, тәртіп сақшылары қысқа мерзімде ауыл тұрғынын өлтіру бойынша қылмысты ашып, кінәлілер жазаға тартылған.
– Барлық ауыл тұрғындарының атынан сіздерге үлкен рахмет айтамын. Сіздерге зор денсаулық, қызметте табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді ол.