Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғыны құны 180 мың теңге болатын металлдық заттар ұрлаған

Павлодар облысының тұрғыны құны 180 мың теңге болатын металлдық заттар ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданының полицейлері ауданның 23 жастағы тұрғынына тиесілі металлды заттарды ұрлаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 52 жастағы ер адам әртүрлі заттар сақталған тұрғын емес үй-жайға заңсыз кірген.

Ер адам осы жылдың қыс мезгілінде ұрлықтың алғашқы эпизодын жасаған, оның әрекеттерін ешкім байқамағанына көз жеткізген соң, маусым айында үй-жайға қайта заңсыз кірген.

Барлық ұрланған заттар күдіктіге 180 мыңнан теңгеден астам қаражат әкелген. Атап айтқанда, үш металлды төсек, екі самауыр, екі шойын қазан, ванна, шкаф және қол жуғыш, шойын батареялары, төрт дана пеш есіктері, бес дана газ плитасы мен газ баллондары, екі дана пешті жылытудың металлды үстіңгі бөлігі ұрланған.

– Енді ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2,3-тармақтары (Ұрлық) бойынша ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, – дейді Павлодар облысы ПД.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру