Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: СҚО-да мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде “Құқықтық тәртіп” үш күндік жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіптің” мақсаты – өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке және демалыс күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін нығайту.

Іс-шараға қалалық және облыстық полицияның барлық жетекші бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде облыс бойынша үш күн ішінде 33 қылмыс тіркелді, оның 27-сі кезекші тәулік ішінде ашылды. 1065 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Үш күннің ішінде ҚР-да тұру ережелерін бұзу бойынша 238 факт тіркелді. Алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудың 208 фактісі анықталды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде еріп жүрусіз болуының 79 фактісі тіркелді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің 42 фактісі бойынша шара қабылданды, сондай-ақ ұсақ бұзақылық үшін 71 хаттама жасалды.

– “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Облыс жолдарында жаяу жүргіншілер тарапынан 163 жол қозғалысы ережесін бұзу, жылдамдықты асырудың 116 фактісі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің өтуін бұзудың 24 фактісі тіркелді. Сондай-ақ көлік құралдарын басқарған, бұрын басқару құқығынан айырылған 5 адам және мас күйінде көлік жүргізген 13 жүргізуші ұсталды, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру