Павлодар облысының тұрғыны ұрлық фактісін ашқан полицейлерге алғысын білдірді
Павлодар облысының тұрғыны ұрлық фактісін ашқан полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласы полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиевтың атына Екібастұз қаласының тұрғыны Қадиша Алтыбаевадан өтініш түсті.
– Мен, криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдеріне, сондай-ақ полиция басқармасының қызметкерлеріне – Мадия Ниязова мен Мәншүк Дүсіповаға үлкен алғысымды білдіремін. Ақша ұрлау фактісі бойынша менің өтінішім бойынша полицейлер қылмысты жедел ашып, әйелді анықтап, ұрланған мүлікті қайтарып берді. Мен өте ризамын және құқықтық тәртіп сақшыларына жұмыста табыс тілеймін, – деп жазды Қадиша Қайдарқызы Алтабаева.