Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер жоғалған жылқыларды иесіне қайтарып берді

Қостанайлық полицейлер жоғалған жылқыларды иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қаңтарда Денисов ауданының Озерное ауылынан 50 метр жерде орналасқан базадан жергілікті тұрғын Баянсұлу Ерденоваға тиесілі жылқылар ұрланды. Залал сомасы 1 млн 400 мың теңгені құрады.

Жануарлардың иесі өздігінше іздеуді бастағанмен, тиісті нәтиже болмағандықтан, ол Денисов ауданының полиция бөліміне жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жоғалған жылқылар көрші Жітіқара ауданының Пригородное ауылынан табылды. Ұрланған екі жылқы табылды, күдіктілер үшіншісін сойып, етін сатып үлгерген.

– Күдікті деп Денисов ауданының тұрғындары анықталып, ұсталды. Олардың бірі бұрын-соңды істі болмаған 20 жастағы азамат пен бұрын сотталған 41 жастағы ер адам, – деді Денисов ауданының криминалдық полиция бастығы Асхат Жаңабаев.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Санкция мүлікті тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Фермер полицейлерге жедел жұмысы үшін алғыс айтты.

– Денисов ауданының полиция қызметкерлеріне қысқа уақыт, тәулік ішінде ұрланған жылқыларды тауып бергендері үшін рахмет, – деп Баянсұлу Есенова бейнежазба жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру