Павлодар облысының тұрғынына ұрланған велосипедтері қайтарылды
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Ертіс ауданының тұрғыны Абзал Ахметовтан алғыс хат келіп түсті, ол полицейлерге ұрланған велосипедтерін қайтарғаны үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 наурызда Ертіс ауылының тұрғыны полицейлерге белгісіз біреудің аспалы құлыпты бұзып, жазғы ас үйіне заңсыз кіріп, екі велосипедін ұрлағанын айтқан. Келтірілген материалдық шығын 70 мың теңгені құрайды.
– Ұрланған велосипедтерді тапқаны үшін Ертіс ауданының полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін. Олардың еңбектеріне табыс, өздеріне сәттілік тілеймін. Полиция қызметкерлеріне үлкен рахмет! Біздің отбасымыз үшін велосипедтер өте маңызды, – деді Абзал Арыстанұлы.