Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көршісінің 25 мың теңгесін қолды еткен азаматша әшкереленді

Қарағандыда учаскелік полиция инспекторы көршісінің 25 мың теңгесін ұрлап кеткен азаматшаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 83 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреудің қалтасында қалған 25 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтқан.

Мән-жайды анықтау барысында таңертең оның пәтеріне белгісіз біреудің қоңырау шалғаны, есікті ашқан жәбірленушіге белгісіз бір азаматшаның қарттар арасында сауалнама жүргізіп жатқанын айтқаны белгілі болды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін жәбірленуші өзінің 25 мың теңгесінің жоғалғанын байқаған.

Күдіктінің жеке басын анықтау және ұстау шараларымен учаскелік полиция инспекторы айналысқан. Полиция қызметкері жәбірленушіден күдікті азаматша туралы мәліметтер алып, жұмыс жүргізу кезінде күдікке оның көршісі ілінген. Жәбірленуші онымен бірнеше жыл көрші тұрса да, ешқашан сөйлеспеген болып шықты.

Полиция қызметкері жан-жақты жүргізілген тексеру барысында осы қылмысты жасаған 43 жастағы күдікті азаматшаны анықтады. Ол қылмысын мойындап, ақшаны жұмсап қойғанын айтқан.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру