Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілді

2021 жылғы 19 наурызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының аумағында арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ БАҚ-тың қатысуымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу-жаттығу барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың берілген күштер мен құралдарды басқару дағдылары пысықталды. Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің және ақпараттық жүйелердің киберқорғау объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйі тексерілді.

Арнайы мақсаттағы бөлімшелер тұтқындағы адамдарды босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді.
Оқу-жаттығудың негізгі элементтері жедел штабтың терроризмге қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдарды қашықтықтан үйлестіруге дайындығын тексеру, террористік мақсаттарда биологиялық қауіпті заттарды пайдалану қатерлеріне ден қою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау, терроризмге қарсы операцияны өткізу орнына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді шұғыл жеткізу тетігін тексеру болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру