Павлодар облысының тұрғынынан заңсыз ауланған балық тәркіленді
Павлодар облысының полицейлері Ертіс өзенінде заңсыз балық аулаған ауыл тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
4 мамыр күні Сычевка ауылының маңында сағат 12.30-да "Уылдырық шашу" акциясы аясындағы рейдтік іс-шаралар барысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
Ер адам резеңке қайықпен Ертіс өзенінде тыйым салынған құралдармен салмағы 11 келі болатын табан балығын аулаған.
- Тәртіп сақшылары 63 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Материал сотқа жіберілді, - деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.