Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғынынан заңсыз ауланған балық тәркіленді

Павлодар облысының полицейлері Ертіс өзенінде заңсыз балық аулаған ауыл тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамыр күні Сычевка ауылының маңында сағат 12.30-да “Уылдырық шашу” акциясы аясындағы рейдтік іс-шаралар барысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері заңсыз балық аулау фактісін анықтады.

Ер адам резеңке қайықпен Ертіс өзенінде тыйым салынған құралдармен салмағы 11 келі болатын табан балығын аулаған.

– Тәртіп сақшылары 63 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады. Материал сотқа жіберілді, – деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру