Павлодар полицейлері дүкеннен лицензиясыз сатылған алкогольді тәркіледі
Павлодар полицейлері дүкеннен лицензиясыз сатылған алкогольді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Декабристер көшесіндегі дүкендердің бірінің иесі алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатты. Бұл факт полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында патрульдеу барысында анықталды.
– Заңды елемейтін дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Соның негізінде аталған дүкеннен көлемі әр түрлі 431 алкоголь өнімі алынды, – деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысында тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысудың 19 фактісі анықталды. Сонымен қатар, полиция қылмыс, құқық бұзушылық және жол-көлік оқиғалары мас күйде жасалатынын еске салады. Сондықтан мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алудың негізгі шараларының бірі – полицияның алкоголь өнімдерінің айналымын қатаң бақылауы.