Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері ерекше балаларға мереке ұйымдастырды

Павлодар облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Павлодар қаласының «Самал» оңалту орталығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш сыйлау және  ішкі істер органдарының қызметкерлеріне деген халықтың сенімін арттыру болып табылады.

Іс-шара барысында «AnimatorPRO» студиясының аниматорлары Анастасия Савченко мен Ангелина Машевская, блогер Жанат Әбікееваның қатысуымен ойын көріністерін өткізді.

«Самал» ОО мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ирина Тургенева кездесуге келген полиция қызметкерлері мен аниматорларға балаларға тамаша көңіл-күй сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

– Мұндай қуанышты сәттер балалардың жағдайына жағымды әсер етеді. Осындай кездесулерден кейін олар өмірдің барлық қиыншылықтарын қабылдай алады, өйткені оларға деген жақсы қарым-қатынас балаларды жақсылыққа үйретеді, – деді Ирина Тургенева.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру