Павлодар полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жоюда
Павлодар полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жоюда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткіні қолдану қоғамның әртүрлі әлеуметтік және жас топтарына әсер ететіні жасырын емес. Сонымен бірге, нашақорлық пен қылмыс бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені көптеген қылмыстарды адамдар есірткінің әсерінен жасайды.
Сондықтан өңір полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық әрекетті анықтауға, жолын кесуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Гагарин көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 30 жастағы ер адамды ұстады. Полиция қызметкерлерін көргенде ол қағаз бумасын лақтырып жіберді. Сараптама нәтижесінде бұл зат жалпы салмағы бір грамнан асатын кептірілген марихуана екендігі анықталды. Ер адам есірткілік мас күйде болған.
Ертіс бақылау бекетінде тәртіп сақшылары «Mitsubishi» көлігін тоқтатып, жолаушыдан жалпы салмағы екі грамнан асатын кептірілген марихуана салынған қағаз орамы тәркіленді. Кеншілер қаласының тұрғынынан полиция қызметкерлері марихуана салынған ораманы да тәркіледі, оның салмағы 166 грамнан асады. Айта кету керек, құқық бұзушылықты анықтау іс-шараларынан басқа тәртіп сақшылары есірткіге қарсы насихат саласындағы жұмысты жандандыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауда. Мүдделі бірлестіктермен және ұйымдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде еріктілердің қатысуымен есірткі жарнамасы бар граффити жойылады, нашақорлықты насихаттайтын интернет-сайттар анықталып, бұғатталады.