Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 3 адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Қарағанды қаласында оқ жарақатымен үш адам ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға оқ жарақаттарымен қаланың үш тұрғыны жатқызылып, біреуі алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру