Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері көші-қон заңнамасын бұзудың 1283 фактісін тіркеді

Павлодар полицейлері көші-қон заңнамасын бұзудың 1283 фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатыр.

– Жыл басынан бері құқық қорғау органдары шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзудың 1283 фактісінің жолын кесті, – деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша фактіні анықтады. Аудан ауылдарының бірінде Түрікменстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, визаның қолданылу мерзімін кешіктірген. Ол үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде тиісті жаза қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру