Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде зейнеткердің үйінен планшетті қолды еткен көршісі ұсталды

Шахтинскіде зейнеткердің үйінен планшетті қолды еткен көршісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 69 жастағы зейнеткер арызданды. Жәбірленушінің жер үйде тұратыны белгілі болды. Ол сол күні 15 минутқа үйінен шығып кеткен. Сол арада белгісіз бреу оның үйіне кіріп, құны 108 мың теңге тұратын планшетін ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен зейнеткердің 29 жастағы көршісі ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру