Павлодар полицейлері металл қабылдайтын 150-ге жуық орынды тексерді
Павлодарда полицейлер металл қабылдайтын 150-ге жуық орынды тексеріп, 20 бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында ұрланған металды өткізу орындарын тексеруге, металл ұрлығын, асыл тастардың, түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының заңсыз айналымын жасайтын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған «Металл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
– Тексеру барысында пункт иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, олар ұрланған металды тапсырумен айналысатын адамдарды анықтаған жағдайда, дереу 102 нөміріне қоңырау шалу қажет, сондай-ақ қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілді, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Мысалы, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін бірнеше пункт иелері жазаланды, өйткені барлық металл сынықтары шашылып, өтіп бара жатқан адамдар мен тұрғындарға қолайсыздық туғызды.
Ал Тереңкөл ауданының тұрғынына қатысты жауапкершілікке тарту үшін Мемлекеттік кірістер бөліміне тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін материал толтырылды және жіберілді. Сондай-ақ қосалқы бөлшектерді, металл құбыры мен кабельді ұрлады деген күдікке ілінген өңірдің үш тұрғыны анықталды, қазір әрбір факті бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр.
Егер заңсыз әрекеттің куәгері болсаңыз, дереу полицияның»102″ арнасына немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабар беріңіз!