Павлодар полицейлері түнгі уақытта жұмыс істеген мекеменің жұмысын тоқтатты
Павлодар полицейлері түнгі уақытта жұмыс істеген мекеменің жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 шілдеде сағат 23:30-да мониторингтік топ Павлодар қаласының Абай көшесінде орналасқан рестобарының түнгі уақытта жұмыс істегенін анықтады. Мекемеде 40 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бала болған.
Кәмелетке толмағанның мекемеде болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілікке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кету керек, бір күн бұрын учаскелік полиция инспекторлары кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерімен бірге осы рестобардың жұмыс істеу фактісін анықтады. Ол рестобарда 200-ге жуық адам болған. Барлық келушілер Орталық полиция бөліміне жеткізілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық материалдар Павлодар қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.