Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері үй жануарларына чип салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Павлодар полицейлері үй жануарларына чип салу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Мәселен, Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Павлодар қаласының әкімдігімен және ветеринарлық дәрігерлермен бірлесіп, үй жануарларына чип салу бөлігінде заңнамадағы өзгерістер бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

– Негізгі мақсат – қазақстандықтарды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға, оларды көшеге тастамауға және қатыгездікке жол бермеуге тәрбиелеу. Олар үй жануарларының иесін жоғалтқан жағдайда немесе басқа да ситуацияларды анықтау үшін үй жануарларына міндетті түрде чип салу керектігін түсіндірдік. Заңнамаға өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап енгізіледі, – деп атап өтті Павлодар қаласының Оңтүстік ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру