Павлодар полицейлері жалдамалы пәтерлерді тексеруде
Павлодар полицейлері жалдамалы пәтерлерді тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, қолайсыз отбасыларды анықтау мақсатында Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің полицейлері жалдамалы пәтерлер, үйлер бойынша рейдтер жүргізуде.
– Өз баспанасы, тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланған, бала тәрбиесі бойынша өз міндеттерін орындамаған фактілер орын алуда. Кезекті рейд барысында құқықтық тәртіп сақшылары 25 жалдамалы пәтер мен 4 жатақхананы тексерді, онда тұрғын үй жағдайлары тексерілді, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар есепке алу бойынша тексерілді, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.
Аталған рейдтер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүргізіледі, оның барысында Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімімен ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық үшін 174 тұрғын жауапкершілікке тартылды, алкоголь ішкені және мас күйінде болғаны үшін ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша 244 адамға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды және тіркеусіз тұрған 410 адам анықталды.