Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салады

Павлодар облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біздің әрқайсымыз жол қозғалысының қатысушысы болып табыламыз. Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бірден-бір әрекет екенін атап өтті.
Бұл ережелерді жаяу жүргіншілердің де, жүргізушілердің де бұлжытпай сақтауы маңызды, өйткені екі жақтан да туындайтын қауіптер бар.

Мысалы, көшені қызыл жарыққа немесе белгіленбеген орындардан  кесіп өтетін жаяу жүргіншілер жол-көлік оқиғаларының туындауына жиі себепкер болып жатады. Биыл Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша облыстың 2500-ге жуық тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ, ол көлік құралдарының 6700 жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықтан асырғанын атап өтті. Мұндай жағдайда жарақат алу ықтималдығы бірнеше есе артады.

Бұдан басқа Жасқайрат Қайыров автомобильді басқару және жолаушыларды тасымалдау кезінде сақталуы тиіс негізгі ережелердің бірі – қауіпсіздік белдігін пайдалану болып табылатынын да еске салды.

– Бекітілген қауіпсіздік белдігі соқтығысқан кезде бүйір әйнектерге соғылуға немесе салонның басқа бөлігіне ұшып кетуге, сондай-ақ көлік құралындағы басқа адамдардың жарақат алуына мүмкіндік бермейді. Белдікті бекіту үшін бес секунд қана  жұмсап, сіз өзіңіздің өміріңізді сақтай аласыз. Өкінішке орай, мұны бәрі бірдей түсінбейді. Биыл бұл ережені елемеген 2400 жүргізуші анықталды, – деді ол.

Мысалы, Екібастұз қаласының Пішембаев көшесінде полиция қызметкерлері «Мерседес» маркалы автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі мен жолаушысы қауіпсіздік белдіктерін тақпаған болып шықты. Олар бұл құқық бұзушылықты жоғары жылдамдықпен жүрмейтіндіктерімен және қорқынышты нәрсе болуы екіталай деп түсіндірді. Бірақ жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ ережелерді қатаң сақтау, атап айтқанда қауіпсіздік белдігін пайдалану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері Павлодар облысы тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, жол қозғалысы ережелерін сақтаған кезде қорқынышты жарақаттар мен өлімнің алдын алуға болады. Ешқашан белгіленген жылдамдық режимін асырмаңыз, қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлеспеңіз, тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы және бағдаршамның рұқсат беретін сигналына өтіңіз. Басқа адамдардың тағдыры сіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру