Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Компьютерлік ойындарға әуес павлодарлық жасөспірім анасының 46 мың теңгесін жұмсап жіберген

Павлодарда 11 жастағы бала анасының телефонына орнатылған банк қосымшасы арқылы төлемдер жасап, 46 мың теңгеге ойындар сатып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Банктердің мобильді қосымшалары біздің өмірімізге нық енді. Интернет арқылы сатып алу, шоттарды төлеу, тіпті жергілікті дүкендерде күнделікті тұрмыстық заттарды сатып алу кезінде де біз қолма-қол ақшасыз есеп айырысамыз.

Ақшалай қаражатты сақтау үшін полиция қызметкерлері картаны  қолжетімді емес жерде ұстауға, ешкімге пин-кодты айтпауға, телефонға пароль қоюға кеңес береді.

Алайда осыдан бірнеше күн бұрын Павлодарда өз шоттары мен карталарына ерекше сақтықпен қарау керектігін растайтын оқиға орын алды.

– Павлодар қаласы аудандарының бірінің учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын жүгініп, өзінің банк картасында ақша қаражаты болғанын айтқан, бірақ бір күні таңертең жұмысқа келгенде, әріптесінің өтініші бойынша қарызға ақша бермек болғанда ол картасынан 46 мың теңгесінің жоғалып кеткенін анықтаған. Ол қатты таң қалған, өйткені ол ешкімге картасын бермеген және ешқайда ақша аудармаған болып шықты. Ол алаяқтықтың құрбанына айналғанына сенімді болып, полицияға арыз берген, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Тексеру барысында учаскелік инспектор бұл оқиғаға әйелдің 11 жасар ұлының қатысы бар екенін анықтады. Түнде ата-анасының ұйықтап қалғанын күткен жасөспірім оның телефонын алып, парольдің көмегімен мобильді қосымшаға кіріп, телефонына 46 мың теңге мөлшерінде ақша аударғаны анықталды.

Бала оның осындай әрекет жасауына себепкер болған оның компьютерлік ойындарға деген құштарлығы екенін мойындады. Ол анасының барлық ақшасын “Майнкрафт” компьютерлік ойынына жұмсаған.

Баласының бұл әрекетінің салдарынан өзінің жалақысының  жартысын жоғалтқанына әйел әбден күйінді. Анасының күйзелгенін көрген жасөспірім не істегенін енді түсінді. Ол енді оның телефонын рұқсатсыз алмауға, сонымен қатар компьютерлік ойындар ойнамауға  уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру