Павлодар полицейлері жыл басынан 5 қару тәркіледі
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаруды қолдану арқылы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері қаруды заңсыз алып жүру және сақтау фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
13 күн ішінде заңсыз айналымнан 5 дана атыс қаруы тәркіленді. Мысалы: Шарбақты ауданының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Шарбақты ауылының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Қару бойынша сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жалпы 2019 жылы 88 қару тәркіленді.