Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полициясы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды

Павлодар полициясы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Павлодар полициясы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды. Облыстың қалалары мен елді мекендерінде, әсіресе, ойын-сауық мекемелерінің, сауда үйлерінің аудандарында патрульдеу күшейтілді.

Гарнизондық нұсқамада полиция ведомствосының басшысы полицейлердің дайындық деңгейін тексерді, қызметкерлерді облыстағы жедел жағдай туралы ақпаратпен таныстырды және жаңа жылдық мерекелерде құқық тәртібін қорғау үшін қабылданатын бірқатар нақты шараларды анықтады.

– Мереке күндері полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін өткізеді. Саптық қызметтердің жеке құрамының алдына қойылған басты міндет – бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.

Жеке құрамға арнаған сөзінде полиция ведомствосының басшысы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полицияның бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтіп, Павлодар өңірінің полицейлері тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтай отырып, өздерінің қызметтік борышын лайықты орындайтынына сенім білдірді.

– Біздің міндетіміз ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан біз учаскелік инспектордың – полицияның сервистік үлгісінің басты фигурасының тиімді жұмыс істеуі, «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын қамтамасыз ету және қажет болған жерде оның тұрақты түрде болуының тиімділігі үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.


Қорытындылай келе, департамент бастығы жеке құрамды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, отбасылық амандық, қызметте табыс, мемлекетіміздің өркендеуін тілеп, кейбір қызметкерлерге марапаттар табыс етті.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру