Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлердің балалары “Менің әкем, анам криминалист” конкурсына қатысты

Полиция департаменті қызметкерлерінің балалары “Менің әкем, анам криминалист” шығармашылық конкурсына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсанында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жедел-криминалистикалық департаментімен “Менің әкем, анам криминалист” шығармашылық конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Қызылорда облысынан 10 бала қатысты. Барлық қатысушылар жұмыстарын ерекше, жарқын, шынайы көрсете білді.

Департамент бастығының орынбасары Байжан Байгелді балаларды жаңа жылмен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, сарқылмас денсаулық тіледі.

Аталған іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы криминалистерінің балалары барлығы белсенді қатысқаны үшін дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру