Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады

Шымкенттік полицейлер психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоғалған баланы тауып, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсан күні сағат 08:30 шамасында Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын 102 телефонына 15 жастағы баласының велосипедке мініп, белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлап, полициядан көмек сұраған. Сонымен қатар, баласының психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғандығын айтқан.

Қаратау ауданы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жоғалған бала табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру