Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта “Үздік тәртіп сақшы” байқауы өз мәресіне жетті

Сарыағашта “Үздік тәртіп сақшы” байқауы өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімі көші қон қызмет бөлімшесінің инспекторы Анарбек Сансызбаев Сарыағаш АПБ қызметкерлері арасында оза шауып, 2021 жылдың қорытындысы бойынша “Үздік тәртіп сақшы” атағын жеңіп алды.

Полиция майоры биыл 183 әкімшілік хаттама толтырған. Оның ішінде шетел азаматтарына ҚР ӘҚБтК-нің 517, 518, 519-баптары бойынша хаттамалар түзілді.

Өз ісіне шын берілген Анарбек мамандығына үлкен қызығушылықпен келгенін айтады.

Ішкі істер органдарында 15 жылдан аса қызмет атқарып келе жатқан Анарбек Сансызбаев 1985 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2002-2006 жылдары Қостанай қаласындағы заң институтында білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде бастаған.

Анарбек өз саласында әрбір іске аса жауапкершілікпен қарайды. Әріптестер арасында сыйлы, ұстамды полиция сақшысы қазіргі таңда Сарыағаш АПБ көші қон қызметін абыроймен атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру