Павлодар полициясына сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама түсті
Павлодар полициясына сауда орталығына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері хабарлама берген күдіктіні анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 сәуірде Павлодар қаласының полициясына «Батырмолл» сауда орталығына бомба қойылды» деген шақыру келіп түсті. Барлық арнайы қызмет дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді.
ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм фактісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Айтпақшы, осы қылмыстық бап бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жаза көзделген.