Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әріптесінің телефонын ұрлап алып, интернет-дүкендерден сауда жасаған ақмолалық ұсталды

Ақмола облысында полиция қызметкерлері тұрғынның ұялы телефонын ұрлап алып, телефондағы қосымшалар арқылы халықаралық интернет-дүкендерден онлайн сауда жасаған ер адамды  анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс Ақмола облысының Аршалы ауданында тіркелді. Ауданның 55 жастағы тұрғынының айтуынша, белгісіз ер адам ұрлап әкеткен телефонында орнатылған интернет-дүкен қосымшасында жәбірленушінің атынан бірнеше рет тауар сатып алған. Залалдың жалпы сомасы 156 мың теңгені құрады.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің 30 жастағы әріптесі болып шықты.

Қаскүнемнің айғақтарына сәйкес, ол телефонды жұмыстағы киім шкафынан ұрлаған. Жәбірленушінің банктік қосымшалары интернет-дүкенге байланған болып шықты. Бұл ұрыға әртүрлі тауарларды сатып алу үшін қиындық тудармады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру