Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында “Мигрант” ЖПІШ барысында 226 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында “Мигрант” ЖПІШ барысында 226 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында 8-10 сәуір аралығында өткізілген “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 226 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетел азаматтары жасаған 154 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 72 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

– Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Заң талаптарын орындамай, өрескел бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру