Павлодар қаласындағы түзеу мекемесіндегі ашық сабақ
Жақында Павлодар қаласындағы АП-162/4 түзеу мекемесінің жанынан ашылған Техникалық колледжде сотталғандарды өндірістік оқыту бойынша ашық сабақ өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Ашық сабақ жұмысына түзеу мекемесінің қызметкерлері, облыстық білім басқармасы мен БАҚ өкілдері шақырылды.
Шара барысында сабаққа қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, кітапхана қорымен және оқыту – өндірістік шеберханасымен танысты. Колледжде жазасын өтеушілер «Бұрау және металл өңдеу» және «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары бойынша білім алады.
Сонымен қатар, колледж басшылығы «Павлодар облысы бойынша ҚАЖД жүйесінде техникалық және кәсіби білім беруді дамыту» тақырыбындағы презентациялық материалдарын ұсынып, колледждің 2020-2022 жылдарға арналған даму жоспарымен таныстырды.
Сабақ соңында Павлодар облыстық білім беру басқармасының әдіскері Г. Баймұханов пен Павлодар машина жасау колледжінің өкілі С. Иманқұлов қызықты өткен дәріс үшін ұстаздар ұжымына алғыстарын білдірді.