Павлодар тұрғындары полицейлерге алғыстарын білдіруде
Павлодар тұрғындары полицейлерге алғыстарын білдіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Қайғылы оқиғаның алғашқы күндерінен бастап біз бүкіл отбасымызбен теледидардың алдынан шықпадық, жаңалықтарды көрдік. Барлық сюжеттердің кейіпкерлері полиция, әскери қызметкерлер, құтқарушылар болды және солай болып қала береді. Олар үшін жанымыз ашиды, өйткені олар қарапайым азаматтар үшін барлық соққыны өздеріне қабылдайды. Қаза болғандар туралы жаңалықтар өте ауыр. Соңына дейін олар өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін орындады. Нағыз сарбаздар, нағыз жауынгерлер. Ар-ожданы мен намысы жоғары адамдар мұндай тәуекелдерге бара алады, – деді Павлодар тұрғыны Мария Цветкова.
Оның айтуынша, моральдық қолдау, ризашылық сөздер және заңдарды мүлтіксіз сақтау – біздің олар үшін жасай алатын аз ғана бөлігі.
– Тәртіпсіздіктерді жоюға қатысқан барлық полицейлерге алғысымды білдіремін. Бізде, әрине, Алматыдағыдай жағдай болған жоқ, бірақ сонда да қорқыныш үрейі болды. Құқық қорғау органдарына қазір өзімді қауіпсіз сезінгенім үшін, отбасым, достарым және жақындарым тірі және сау екендігі үшін өте ризамын. Сіздер үлкен жұмыс жасадыңыздар, уақытында шектеу шараларын қабылдап, заңсыздықты тоқтаттыңыздар, – деп бөлісті тұрғын Надежда Токтарова.