Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында кәсіпорын қызметкері жұмыс барысында күйік жарақатын алған

Степногорск қаласында кәсіпорын қызметкері жұмыс барысында күйік жарақатын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қаңтарда Степногорск қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне ауруханадан “2-3 дәрежелі күйік, жоғарғы тыныс жолдарының термиялық күйігі, 1 дәрежелі травматологиялық шок” диагнозы бар науқастың түскені туралы хабарлама келіп түсті.

Кәсіпорындардың бірінің жұмысшысы – 21 жастағы қыз, герметизациядан кейін цех бөлмесіндегі бу құбырынан талдау алу кезінде дене жарақатын алғаны алдын ала анықталды.

Степногорск қаласы Полиция басқармасының тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру