Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 74 адам маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Павлодарда Солтүстік полиция бөлімінің полицейлері 74 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рецидивті және алкогольді қылмыстың алдын алу мақсатында Солтүстік полиция бөлімі өтелмеген соттылығы бар және алкогольді ішімдіктерді ішетін адамдармен жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда Солтүстік полиция бөлімінің есебінде 561 адам тұр, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын 204 адам.

Аталған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексеріледі, олармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі. Полиция қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және бас бостандығынан айыруға шектеулерді ауыстыру туралы сотқа ұсыныстар енгізеді және спиртті жүйелі түрде теріс пайдалану анықталған жағдайда мамандандырылған медициналық мекемеге алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін материал жинайды.

– 2021 жылы Солтүстік полиция бөлімі өтелмеген соттылығы бар тоғыз адамды бірнеше рет шартты түрде босату талаптарын бұзғаны үшін бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. 10 адамға тұрғылықты жері бойынша шектеу қойылып, олар әкімшілік қадағалауға алынды. Алкогольге тәуелділікті емдеу бойынша облыстық орталыққа алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге алкогольді теріс пайдаланатын 74 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Сонымен қатар, мас күйінде қылмысты болдырмау мақсатында Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына медициналық көмек көрсету үшін 5 839 адам жеткізіліп, орналастырылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 1 364 құқық бұзушы тартылды, – деп хабарлады Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Белгіленбеген уақытта алкоголь саудасын анықтау бойынша жеке жұмыс жүргізілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 43 кәсіпкер анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде екі жеке кәсіпкер алкоголь өнімін сатуға лицензиясынан айырылды, 41-ге қатысты лицензия тоқтатылды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабын бұзғаны үшін өз қызметін рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырған үш қызмет тоқтатылды және алкоголь өнімін үйден сатуды жүзеге асырған үш адамға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру