Түркістан облысында екі жігіт марихуанамен ұсталды
Түркістан облысында екі жігіт марихуанамен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара ауданы ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары сеніп тапсырылған әкімшілік аумақта құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Осындай шара барысында полиция қызметкерлері аудан орталығынан есірткі сақтап жүрген екі күдіктіні анықтады.
Полицейлер тексеру кезінде олардың біреуінің қалтасынан құрамында өсімдік тектес есірткі заты бар түйіншекті тапты. Бұл іске одан әрі тексеру жұмыстарын жүргізу үшін күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған есірткі затына сараптама тағайындалды. Қорытындысына сәйкес, жігіттен алынған зат «кептірілген марихуана» болып шықты.
Аталған жайт ҚК 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар айта кететін жайт Шардара ауданы ПБ-нің полицейлерімен жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты екі жайт анықталса, учаскелік инспекторлармен 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.