Павлодарда адам өлтірді деген күдікке ілінген азамат ұсталды
Павлодарлық жедел уәкілдер адам өлтірді деген күдікке ілінген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 сәуір сағат 23.30-да Құдайбергенов көшесіндегі пәтерлердің бірінен 48 жастағы пәтер иесінің зорлық белгілері бар мәйіті табылды.
– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ПД.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Бірге ішімдік ішкеннен кейін, жанжал шығып, күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққаны анықталды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдіктінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.