Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көліктен телефон ұрлаған күдікті құрықталды

Қызылордада көліктен телефон ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері көліктерді, олардың қосалқы бөлшектері мен құралдарын ұрлау және айдап әкетудің алдын алу мақсатында “Автокөлік” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Іс-шара аясында Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны жеке меншік үйінің алдында тұрған Daewoo Nexia автокөлігінің ішінен Samsung Galaxy A20 телефоны ұрланғандығы жөнінде арызданды.

​Хабарлама келіп түскен сәттен бастап криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Бейнебақылау камераларын және телефон алып-сататын дүкендерді тексерді.

Нәтижесінде, осы қылмысты жасаған 29 жастағы күдікті анықталды. Ол телефонды сатып, ақшасын өз бас пайдасына жаратқан. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. ​Қызылордалық полицейлер ұрлық қылмысының алдын алу үшін жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру