Павлодарда әйел жеңгесін ұрып-соқты
Павлодар қаласында әйел жеңгесін ұрып-соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда 35 жастағы қала тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. Қоңырауға келген полицейлер Н.Назарбаев даңғылы бойындағы пәтерде отбасылық жанжал кезінде әйел ағасының әйелін ұрып-соққанын анықтады.
Қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Басқа жағдайда, Павлодар қаласының тұрғыны анасына тыныштық бермеген. Әйел үнемі анасынан ақша талап етіп, жанжал шығарады. Учаскелік полиция инспекторы 40 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік материал жасады.
Айта кету керек, жыл басынан бері полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 3227 құқық бұзушылықты тіркеді.