Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер 133 бас қойды тапты

Ақмола облысында полицейлер 133 бас қойды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қарашасында Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ЖШС-нің 56 жастағы басшысынан 6 қарашада Бірсуат ауылының маңында еркін жайылымнан жоғалып кеткен 196 бас қойды іздеуге көмектесутуралы өтініш келіп түсті. Залал сомасы белгіленуде. Арыз беруші барлық малға таңба жасалғанын айтты.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Полиция қызметкерлері куәгерлерден сұрастырып, жақын маңдағы орман алқаптары мен көрші жерлерді тексерді. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал жаю орнынан 35 шақырым жерде жоғалған 133 бас қой табылды. Қалған 63 қойды анықтау бойынша іздеу шаралары жалғасуда.

Ақмола полицейлері мал ұрлығы үшін ҚР қылмыстық заңнамасының қатаңдатылғанын еске салады. ҚК-нің 188-1-бабының санкциясымен мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру