Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандар шахматтан онлайн-турнирге қатысты

Ақмола облысында сотталғандар шахматтан онлайн-турнирге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Шахмат дебюті. Жетістік стратегиясы ” – турнир атауы кездейсоқ таңдалмаған. Сотталғандар үшін онлайн шахмат ойыны алғаш рет ұйымдастырылды. Беларусь Республикасында осындай іс-шараны өткізу туралы ережесі негізге алынды.

​Техникалық мүмкіндіктерге ие бола отырып, интернет желісі арқылы Lichess.org сайтында онлайн-режимде шахмат турнирлерін ұйымдастырудың тегін нұсқасы қарастырылған, облыстың ҚАЖ мекемелері жергілікті жерлерде іріктеу турларын өткізді, солардың ішінен үздік сотталған-шахматшылар онлайн-турнирге қатысты.

Республикалық және халықаралық турнирлерде жеңіске үміткер 12 қатысушы болды. ​Шахмат жекпе-жектерінің жұмысын спорт шеберіне үміткер-жаттықтырушы, Ақмола облысының чемпионы Серік Биғожин үйлестірді.

– Ойын өте қызықты болды, мен алғаш рет шахмат ойыншыларының осындай санатымен жұмыс істедім. Егер жақсы жаттықса, басқа деңгейдегі ойындарда жеңіске жете алатын сотталғандар бар екенін атап өткім келеді. Дебюттің қызықты нұсқасын ойында ЕЦ-166/4 мекемесінің сотталған Артем Карапетян көрсетті, дебюттік кезеңге төтеп беріп, шахмат өнерінің барлық элементтерін сақтап қалды, – дейді жаттықтырушы.

Сотталғандар арасындағы облыстық турнир қорытындысы бойынша, бірінші орын сотталған Артем Карапетянға берiлді, екінші орын – сотталған Дәурен Бекеевке,​ үшінші орын сотталушы Темірлан Валиевке бұйырды, ​төртінші орынды сотталған Виктор Бунин алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру