Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда асыққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда асыққан жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Павлодарда полиция қызметкерлері жол қозғалысын патрульдеу кезінде Камзин-Амангелді қиылысында ГАЗ-3302 автокөлігінің жүргізушісі авариялық жағдай жасап, бағдаршамның қызыл сигналына өтіп кеткені анықталды, - деп хабарлады Павлодар қаласы Патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

Жүргізушісінің айтуынша, ол жұмысқа өте асығыс болған, өз іс-әрекеттерінде дұрыс емес екендігімен келіскен.

Осындай өрескел бұзушылық үшін жүргізуші ҚР ӘҚБК 599-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік жүргізушілері жол ережесін бұзған тағы бір факті туралы полицияға қала тұрғыны хабарлады.

- Мен жолдан өтіп бара жатқанда Audi-100 көлігінің жүргізушісі мені жіберіп алмастан өте жөнелді. Егер мен уақытында тоқтамасам, доңғалақтың астына түсер едім, - деді толқып тұрған әйел.

Полицейлер бұл бұзушылықты бейнебақылау камераларының көмегімен тіркеді, жүргізуші орнатылды. Оған қатысты ҚР ӘҚБК 600-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушімен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру