Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам тапанша мен мылтық жасаған: атыс қаруының арсеналы алынды

ШҚО-да ер адамнан атыс қаруының арсеналы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен өңір тұрғының үйінде тінту жүргізді.Нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді.

Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері бар.

Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:

– Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (Қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру