Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Біреудің атынан 1 млн теңге несие алған шымкенттік алаяқ ұсталды

Біреудің атынан бір миллион теңге несие алған шымкенттік алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қыркүйек Абай АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу өзінің атынан ашылған банк есеп шотынан 1 миллион теңге несие алып, белгісіз бағытқа аударып алғанын көрсеткен. 

Абай АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру