Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ауаны газбен ластаған жүргізушілер жазаланды

Павлодарда ауаны газбен ластаған жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан тексеру нәтижесінде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кеткен көлік құралдарының 69 жүргізушісі анықталды. Барлық бұзушылар ҚР ӘҚБтК 334-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Полицейлер мен экологтар арнайы құрал – түтін өлшегіштің көмегімен пайдаланылған газ шығаратын құбыр арқылы нақты автокөліктің қала ауасын қаншалықты ластайтынын анықтайды, – деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Егер шығару деңгейі рұқсат етілген нормалардан асып кетсе, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөліктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырады, оның санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көздейді, қайта анықталған кезде – 20 АЕК.

Тек бір күнде Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бес фактіні анықтады. Мысалы, Ломов көшесінде полиция қызметкерлері Audi маркалы көлікті ұстады. Тексеру кезінде автокөліктің шығу деңгейі нормадан асатыны анықталды. Аталған бұзушылық бойынша 32 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБК 334-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру