Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлықтар жыл басынан бері 122 мың құқық бұзушылық жасады

Павлодарлықтар жыл басынан бері 122 мың құқық бұзушылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінің тұрғындары 122 300-ден астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген.

– Тәртіп бұзушыларға 1 млрд. 16 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Аталған бұзушылықтар бойынша 9 121 тұрғынға ескерту берілді, 963 азаматқа әкімшілік қамауға алынды, облыстың 69 356 тұрғынына айыппұл салынды. Статистикаға сәйкес, шамамен 5 693 бұзушы – бұл күшті сусындарды ұнататындар немесе қоғамдық орындарда мас болғандар. Ал 5 064 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзған. Сағат 23.00-ден кейін шу шығарып, қатты музыка тыңдағанды қалайтындар да аз емес – 2 782, – деді Павлодар облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.

Полиция 400 азамат белгіленбеген орындарда темекі тартқаны үшін, 2 715 адам иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзғаны үшін, 2 062 адам отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жазаланғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру