Павлодарда ауыр жүк көліктерінен аккумуляторларды ұрлаған күдіктілер ұсталды
Павлодарда ауыр жүк көліктерінен аккумуляторларды ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аккумуляторларды ұрлаған күдіктілерді анықтап, ұстады.
- Олар үлкен жүк көліктерінен аккумуляторларды ұрлап үйренген. Ұрланған заттарды жүргізушілерге арзан бағамен сатқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Мысалы, Павлодар қаласында 2021 жылғы 12 тамызда сағат 22:30-да Новосібір көшесіндегі үйдің жанында "КАМАЗ" маркалы автокөлігінен күдіктілер екі аккумулятор ұрлаған. Қазіргі уақытта ұсталғандар аккумуляторларды ұрлаудың 18 фактісін жасады деген күдік бар.
Күдіктілердің бірі Павлодар қаласының УҰИ-ға, екіншісі ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен қамауға алынды.
Айта кету керек, күдіктілердің екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасаған, ол үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған.